Әдітемелік кеңес » Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Байғазы орта мектебі
Жетісу облысы
Кербұлақ ауданы білім бөлімінің
"Байғазы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72 842) 97-1-68
Есепші бөлімі:
+7(72 842) 97-1-68
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
май
2017

Әдітемелік кеңес

Әдістемелік тақырып:Нәтижеге бағдарланған білім беруде мұғалімдердің кәсіби шеберлігін, құзыреттілігін қалыптастыру.

Әдістемелік жұмыстың мақсаты:

Мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін, шығармашылдығын жетілдіріп, дамытуда тиісті әдстемелік көмек көрсету.

Әдістемелік жұмыстың негізгі міндеттері:

1.Әдістемелік апталықтар мен ашық сабақ күндерін сапалы әзірлеп, өткізу және мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдірудегі ролін көтеру.

2. Сабақтың барлық түрлерінің жоғары әдістемелік деңгейде өтуін қамтамасыз ету.

3. Жас мұғалімдердің кәсіптік шеберлігін көтеру жұмыстарын ұйымдастыру.

4. Үштілді оқыту жүйесін түсіндірудегі технологиялар мен әдістерді қарастыру.

5. Пән әдістемелік бірлестік жұмыстарын ұйымдастыру мен олардың есебін жүргізу құжаттарын реттілікте ұстау.

6.Оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудегі кешенді бағдарламаны жүзеге асыру.

Мектепте әдістемелік кеңес пен әдістемелік бірлестік жұмыстарының міндеттері, мазмұны мен оны ұйымдастыру түрлері қаншалықты нақты және айқын болса, нәтиже де соған лайық болады. Мектепте оқу-тәрбие әдістемелік үрдісін қамтамасыз етуде, мұғалімдер жаңа оқыту технологиясын оқып зерттеумен қатар элементтерін сабақтарында пайдаланып, оқушыларға мемлекеттік жалпы міндетті білім беру стандарттарына сәйкес, сабақта көрнекілікті кеңінен пайдаланып, күнтізбелік және сабақ жоспарының біршама сапалы жүргізілуі мектептің жалпы білім көрсеткішін дамытуда. Білім берудің қазіргі жаңа құрылымы және оқу әдістемесінің мазмұнының өзгеруі мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін жаңартуын, шығармашылық ізденістерін қажет етіп отыр. Қазіргі мектеп жағдайында оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін игерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, нақты тәрбиелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді шығармашыл педагог зерттеуші жаңашыл мұғалім болуды қажет етеді.

Кәсіби деңгейлерінің сәйкестігін анықтау және педагог-қызметкерлердің біліктілік санаттарын арттыру мақсатында жыл сайын педагог-қызметкерлер кезекті аттестаттаудан өтеді. Соңғы үш жылды салыстырғанда көрсеткіштер төмендегідей:

Жалпы саны

Санаттар

жоғары

бірінші

екінші

 

растау

бекіту

растау

бекіту

растау

бекіту

0

0

0

0

0

0

0

Педагог қызметкерлердің біліктілік санаттарын арттыруда мұғалімдер жыл сайын кезекті аттестаттау ережесімен таныстырылды, аттестаттау бұрышы безендіріліп, жыл бойы жоспарланған жұмыстар іске асырылды. Аттестаттаудан өтетін мұғалімдер әдістемелік айлық, апталықта ашық іс-шаралар көрсетіп, кәсіби деңгейлерінің сәйкестігін көрсетті. Сонымен бірге әкімшілік тарапынан дербес бақылаудан өтіп, шығармашылық есеп берді. Аттестаттау комиссиясының қорытынды отырысында аттестатталушының кезекті аттестаттау мерзімі ішіндегі оқыту мен тәрбиелеудегі жоғары нәтижелері,оқу үлгерімінің жоғары нәтижесі-оқушыға қалыптастырған білімнің тереңдігі мен нақтылығы, сауаттылығы, мәдениеттілік пен тәрбиелілік деңгейі, нәтижеге бағытталған мұғалім жұмысының заман талабына сай болуы, тиімділігі, өміршендігі, оқу және тәрбие жұмысы жетістіктерінің тұрақтылығы, даму үрдісі, шығармашылық жұмыстарындағы практиканың молдылығы, ізденісті-жаңашылдығы, тәржірибе таратылуының жан-жақтылығы (семинарлар, оқулар, басылымдар т.б.) және экспертті топтың сараптамасынан өткен құжаттар жиынтығы ескерілді.

Педагог қызметкерлердің кәсіби біліктілігін көтеру және іс-әрекетіне өзіндік баға беру жұмыстарының жүйесін жақсарту мақсатында мұғалімдер біліктілігін арттыру курстарынан өтеді.

Похожие публикации:

06 май 2017 ҰБТ туралы
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив